Запастағы мыңға жуық офицер әскерге шақырылады

cover Фото: gov.kz

Запастағы 900-ден аса офицер әскерге шақырылады, деп хабарлайды Orda.kz.

Үкімет қаулысына сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке жарамды 915 офицер екі жыл мерзімге шақырылады. Олар 24 ай бойы ҚР Қарулы Күштері, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет атқарады. 

Запастағы офицерлерді шақыру резервті жинақтау және бос лауазымдарды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Қаулы 2024 жылғы 30 қарашадан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар