Заңсыз ойын өткізді деген күдікке ілінген қазақстандық әйел Германиядан экстрадицияланды
Заңсыз ойын өткізді деген күдікке ілінген қазақстандық әйел Германиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
Қазақстан азаматы Д. мамыр айында Германия аумағында ұсталып, бүгін отанына қайтарылып, Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
«Ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топ құрамында заңсыз ойын өткізү, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жасамау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысты деген күдікке ілінді» делінген бөлім хабарламасында.
Қылмыс OLIMP букмекерлік мекеме қызметіне қатысты екені нақтылануда. Д. өз әрекетімен мемлекетке 86,7 млрд теңгеден астам залал келтірген. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, биыл Германиядан Қазақстанға адам өлтірді және есірткі саудасын жасады деген күдікпен тағы екі адам елге қайтарылды. Өз кезегінде Қазақстан билігі бопсалау және зорлау үшін іздеуде жүргендерді неміс тарапына берді.
Жаңалықтар
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады