Заңсыз кен өндіріп Ресейге сатқан Ұлытау тұрғыны сотталды
Фото: Kazakhmys
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец кенін заңсыз өндіру және сату фактісі бойынша тергеу жүргізді. Ресейге кенді сатқан Ұлытау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушыда жер қойнауын пайдалануға келісімшарт та, лицензия да болмаған. 2020 мен 2023 жылдар аралықтарында заңсыз әрекетін жүзеге асырған. Ұрланған кен көлемі 16 мың тоннадан асты, мемлекетке 1,1 млрд теңгеден астам шығын келтірілді.
Алаяқ жалған мәмілелер жасап, ел ішінде және Ресейде қайта өңделген темір-марганец кендерін сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам табыс тапқан.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, қылмыскерден 97,8 млн теңгеге 5 көлік пен шаруа қожалығындағы мүліктер тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық