«Заңсыз ақша айналымына қатысты»: 23 блогер мен әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: freepik.com
Түркияда 23 блогер мен әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдіктілердің 16-сы қамауға алынды. Тағы 2 адамға іздеу жарияланды. Оларға онлайн казинолар мен заңсыз ұтыс ойындарын өткізетін сайттарға жарнама жасау арқылы ақша тапқан деген айып тағылып отыр. Күдікке ілінгендер арасында бұрынғы футболшылар, журналистер мен актерлер де бар.
Стамбұл қалалық соты ұсталған өнер адамдарының сегізінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын бұғаттау туралы шешім шығарды. Дәл осы баппен айыпталған тағы бес адам шетелге шығып үлгергені белгілі болды.
«Тергеу аяқталғанша сот шешімімен үйқамақта отыратын болдым. Қатты өкінемін. Қоғамға зиянды дүниелерді насихаттағаным үшін мені құдай кешірсін. Құмар ойындары маған әрдайым тек зиянын тигізіп келеді. Ақшамды, үйімді, денсаулығымды бердім, соңы тіпті сотталуға дейін әкелді», - дейді әншілердің бірі.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады