Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш орнатылды
Фото: Orda.kz/ Перизат Жарылқасын
Алматы облысының Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бұл іс-шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында ұйымдастырылды. Ол Нұрқаділовтің туған ауылында ескерткіш және Алматыдағы үйіне ескерткіш тақта орнатуды ұсынған болатын», – деп атап өтті Алматы облысының әкімдігі.
Шараға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ Нұрқаділовтің жақындары мен туыстары болды.
Ескерткішті Заманбек Нұрқәділовтің ұлы Қайрат ашты.
«Халқымыз әкем туралы тек жақсылық айтатын. Жылдың басында әкеміздің 80 жылдығына ас береміз дегенде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хат жолдады. Хатында әкемнің еңбегін қолдап, «тұратын үйіне тақта қойыңдар, бюст қойыңдар, өнер мектебіне атын беріңдер» деп тапсырма берген. Бүгін біз соның куәсі болып отырмыз. Мектеп ашылды. Ішінде мұражайы бар. Бюст орнатылды. Рақмет!», – деді Қайрат Нұрқаділов.

Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында бастапқыда бюст емес, толыққанды ескерткіш орнату жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, ол саясаткердің өліміне қатысты жағдайды қайта қарауға шақырды.
«Ескерткіш болуы керек еді, бірақ ақырында бюст ашып жатыр. Бұл шешім түсініксіз. Сонымен қатар, Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты «суицид жасады» деген нұсқаны өшіріп, кім өлтіргенін анықтау қажет», деді Алтынбек Сәрсенбайдың ағасы әрі белсенді Рысбек Сәрсенбай.
Бюсттің ашылуымен қатар, жергілікті өнер мектебіне ресми түрде Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Мектеп оқушылары музыкалық және би нөмірлерімен концерт ұйымдастырды.


Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.

Салтанатты рәсім 25 қарашада өтуі тиіс еді, алайда Нұрқаділовтің бірінші жары Нұрбикенің қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.
Саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова бюсттің жасалу жұмыстары ұзақ әрі мұқият жүргізілгенін айтты. Оның сөзінше, Кегендегі мектеп музейіне саясаткердің жеке марапаттары тапсырылған.
«Осылайша, уақыт өте келе әкемнің есімінің ақталу процесі жалғасып жатыр. Біздің сөзімізді естіп, диалог құрып жатқандары қуантады. Осы күнге ұзақ дайындалдық», – деді ол бюсттің ашылуына аз ғана уақыт қалғанда.
Заманбек Нұрқаділов – әйгілі саяси қайраткер, оның өмірі мен жұмбақ өлімі әлі күнге дейін қызу талқыланып келеді. Биыл наурыз айында Алматыда оның тұрған үйінің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды. Бюсттің орнатылатыны 2024 жылдың қаңтарында жарияланған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ