Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Тоқаевтан әкесінің әділ атын қалпына келтіруді сұрады
Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов 17 жылдан кейін әкесінің өліміне қатысты істі ашатын уақыт жеткенін мәлімдеді. Бірақ Бас прокуратура істі қайта қараудан бас тартты.
Бұл туралы Nege.kz хабарлайды.
Дегенмен саясаткердің ұлы бұл істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр. Қайрат Нұрқаділов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.
Бұған дейін Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімінен кейін өзіне «белгісіз адамдар» қысым көрсетіп, «өзін-өзі үш рет атты» деген құжатқа қол қойғызып алғанын ашық айтқан еді. Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қайта қарауды 17 жыл күткен ұлы дәл қазір ақиқатты ақтарудың сәті келгенін мәлімдеді.
Қайрат Нұрқаділов президентке жолдаған хатының мән-жайын айттып берді.
– Президентке өтініш жаздым, бүгін пошта арқылы жібердім. Оны президент міндетті түрде қарайды, өтінішім жерде қалмайды деп ойлаймын. Себебі, уақыты келді. Оны жалғыз мен ғана емес халық та сұрап отыр. Істі қайта қарап, қылмыс ашылатынына сенемін.

– Хатқа тек өз қолымды қойып жібердім. Басында халықтан қол жинап, өтініш жіберемін деп ойлағанмын. Бірақ, менің бастапқы сұхбатыма жазылған пікірлерді оқып шықтым. Халық мені қолдап отыр. Билік халықтың мені қолдап отырғанын жақсы біледі. Сол себепті қол жинамай-ақ, өз атымнан жібердім, – деді Нұрқаділов.
Сонымер қатар, ол Бас прокуратураның істі қайта қараудан бас тарттқаны туралы да айтып өтті.
– Прокуратураның уақытты созуына не себеп болды? Мен де үмітпен күттім. Олар «істі ашамыз ба, ашпаймыз ба» деп көп ойланды. Өйткені, әкемнің өліміне сол тұстағы ең жоғарғы биліктің, саясаттың қатысы бар. Бұл – саяси тапсырыспен кісі өлтіру! Сол себепті ұзақ уақыт ойлана келе «істі ашпаймыз» деп жауап берді.
Прокуратура да тек президенттің пәрменін күтіп отыр. Мен солай деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы пәрмен берсе, іс қайта қаралады. Іс қаралса, қылмыскерлерді айналасы бір жылдың ішінде табуға болады. Олардың барлығы тірі. Барлығы бірдей Қазақстанда емес шығар, бірақ оларды табуға болады.
Өйткені өзін-өзі үш рет ату деген сандыраққа ешкім сенбейді. Әкемді өлтіргені, өлтірткені белгілі. Істің қайта ашылғанын күтіп отырған адамдар бар. Олар барлығын айтып, айғақтарды келтіріп бере алады.

Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімі бойынша жеке детективтерді жалдаған.
– Мен де 17 жылдан бері құр босқа күтіп отырған жоқпын. Жеке детективтерді жалдадым, олар қылмыстың қалай болғанын зерттеді. Ол туралы дәл қазір ашып айта алмаймын. Іс қайта қаралсын, сол кезде кім және жағдай қалай болғанын айтып беремін.
Бұрын полицияда істеген, қазір зейнет демалысына шыққан тергеушілер де маған көмектесе алады. Олардың да айтары бар. Тапсырма берген адамның Назарбаев екенін мен айтпасам да барлығы біліп отыр. Ал сол бұйрықты орындағандар ҰҚК емес, жалдамалы кісі өлтірушілер емес, полицияда істейтін адамдар екені белгілі, – деді Заманбек Нұрқаділовтің ұлы.
Сонымен қатар ол 2006-2009 жылдары ҰҚК-де төраға болған Амангелді Шабдарбаев Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты берген сұхбаты туралы өз ойымен бөлісті.
– Генерал Шабдарбаев барлығын біліп отыр. Сұхбатын оқып шықтым. Бірақ ол ақиқатты ашып айта ма, айтпай ма белгісіз. Әкемді біреулердің өлтіргенін бекер қозғаған жоқ. Іс қайта қаралса, барлығын айтып қалуы да мүмкін, – деді Қайрат Нұрқаділов.
Қайрат Нұрқаділов әкесінің ісі ашылып, қайта қаралатынына 70% сенімді.
– Әкемнің суицид жасамағанына президент те сенеді деп ойламаймын. Өтінішімді бүгін жібердім ғой, жауабын күтейік. Күзге қарай істі ашатын шығар деген үмітім бар. Қазір жаз мезгілі, екі ай өтсін. Олар осы уақытта ойланады, өзара ақылдасып, істі ашады. Мен соған сенемін.
Жаңа Қазақстанның орнағаны рас болса, іс міндетті түрде ашылуы керек. Менің әкемнің өліміне қатысты қылмыс ашылса, ертең Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты іс те қайта қаралады. Одан кейін Дулат Ағаділовтың өлімі бар, Жаңаөзендегі жағдай да айқындалады.
Ең бастысы, өтінішім президенттің қолына түссе деймін. Бұған сіздер де ықпал ете аласыздар. Азаматтық қоғам белсенді түрде талап етсе, ашылмайтын есік болмайды. Қылмыстық істің қайта тергелгенін тек қана мен және менің отбасым күтіп отырған жоқ, мұны тұтас халық күтіп отыр, – деп түйіндеді Қайрат Нұрқаділов.
Естеріңізде болса, 2005 жылы 12 қарашада мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовті өз үйінде белгісіз біреулер атып кетті. Сол кездегі Ішкі істер министрі Мұхамеджанов «Нұрқаділов өзін-өзі үш рет атты» деп көрсеткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық