Заманауи барымта: бір айда төрт сиырын ұрлап кеткен
Алматы тұрғындары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жазды. Тұрғындардың айтуынша, аймақта мал ұрлығы жиілеген.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мал ұрлау фактісі Медеу ауданының Сұлусай және Кеңсай ықшамаудандарында тіркелген. Аудан тұрғындары 29 адам қол қойған ұжымдық хат жазды.
– Мал ұрлығы жиілеп кетті. Әр адамнан төрт, бес бас, кейде 10 бас ұрлайды. Отбасын сонымен ғана асырап отырған адамдардың соңғы малдарын ұрлап кететін болды.
Біздің ойымызша, қылмыстық топ қарапайым адамдардан мал ұрлап, содан бизнес жасап отыр. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз біздің Конституциямыздың кепілшісіз, біздің жағдайымызда сізден көмек сұраймыз. Біздің мәселелерімізді шешуге көмектесесіз және нұсқаулар бересіз деп сенеміз, - делінген тұрғындардың үндеуінде.
Мысал ретінде тұрғындар 2013 жылдан басталған мал ұрлығы оқиғаларын келтірді. Адамдардың айтуынша, қылмыскерлер табылмаған.
– Мұндай жағдайлар біздің ауданда жиі болып тұрады. Мал ұрлығының соңғы оқиғасы Бегімбай Баймағамбетовте болды. Екі ай ішінде ол кісіден үш сиыр ұрланды, төртіншісін 31 мамырда үйдің қасынан алып кеткен. Қылмыскерлердің істеген әрекеттері адамдыққа жатпайды. Олар сиырдың ішін жарып, бұзауын жолдың бойында лақтырып кеткен.
Ұрлық тіркеліп, Б. Баймағамбетовтің арызы түскен сәттен бастап екі аптадан астам уақыт өтті. Құқық қорғау органдарынан ешқандай нәтиже жоқ, - деді тұрғындар.
Алматы полиция департаменті көрсетілген жерде мал ұрлау фактісі бойынша бір факт болғанын хабарлады.
– Қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Күдікті, 1985 жылы туылған азамат А. ұсталды. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелген. Сондай-ақ, ұрлықтар жиі болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық