Зайытов «ойына келгенін істейтін» полицейлерге қатысты жазба жариялады
Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов полиция жұмысына қатысты сын айтылған жаңа жазба жариялады.
Бұл туралы ақын өзінің Facebook парақшасында бөлісті.
Жазбада қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің Назым есімді қызды тергеу кезінде Ринат Зайытов жайлы да сұрағаны айтылады.
«Қаңтар оқиғасынан кейін біздің елдегі полиция жұмысы титтей болса да жақсы жаққа өзгеруге тиіс еді. Әттең. Қанды қаңтарда бір мезетте жоқ болып, тығылып қалған сақшысымақтар қайта тайраңдамақшы екен. Сөзімнің дәлелі мына кісі баласы. Есімі Алмат Ырғалиев екен. Қазақтың қаршадай қызын жазықсыз, заңсыз көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген «Палуан». Назым қарындасымызды кабинетіне кіргізіп алып,( жанында тағы біреу бар) тергеген кезінде мен жайлы да сұрақтар қойыпты. Білгісі келгенін ертең бетіме айтсын. Ертең бұйырса сағат 13:00 Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне Назымды және бір топ тәуелсіз журналистерді ертіп барамын. Сұраймын. Ол кісі баласына қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп айтқан кім? Қандай заңға сүйеніп қорғансыз қызға күш көрсетті? Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды? Осынша қорлыққа үндемей отыратын мал емеспіз! Қ.К.Тоқаев мырзаның уәде еткен өзгерістері шынымен басталса, погонын пайдаланып, ойына келгенін істейтін полицейлерді жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап етемін.
P.S. Біз- қойдай момын халық болғанмен қыздарының ары мен ұлдарының намысын кірпік қақпай күзеткен қазақпыз. Жетер. 30 жыл көніп болғанбыз» деп жазды Зайытов.
Сондай-ақ ол жоғарыда аты аталған қызметкердің суретімен де бөліскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық