Зайытов депутат сайлауына құжат тапсырды
Айтыскер ақын, «Алатау» өнер театрының директоры Ринат Зайытов өзін депутаттыққа ұсынды. Бұл туралы ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау бойынша нөмірі үшінші бір мандаттық аумақтық сайлау округінің сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы Парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым. Мойындаймын. Оңай келген шешім емес. Ең әуелгі сұрақ қай аймақтан бақ сынайтыным болған. Алдымда екі таңдау болды. 1) Алматы қаласы; 2) Абай облысы. Әрине бір қараған адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді. Бірақ «Ауыл итінің аузы сасық» екенін, бір облысты толық аралауды, әр ауылдан сенімді өкіл, әр учаскеден бақылаушы т.б ескерсек, оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы, – деді Зайытов.
Сондай-ақ ақын Алматы қаласын не себепті таңдағанын айтып, сайлау кезінде кімге арқа сүйейтінін жеткізді.
– Алматы – азаттықтың астанасы. Алматы – рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, төрт жыл бұрын биліктің кісенінен де жұлып алған осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенетінім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар, – деп жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық