Зайытов, Бәпи, Толықбай Астанада ереуілге шыққан мұнайшылармен кездесті
Халықтың сынынан кейін Мәжіліс депутаттары Астанада ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылармен кездесті.
Бұл туралы vlast.kz хабарлайды.
«Журналист Бейімбет Молдағали депутаттардан жұмысшыларға неге қазір ғана келгендерін сұрады» деп жазады басылым.
Депутат Ермұрат Бапи журналистің сұрағына былай деп жауап берді.
«Кеше келсек, бірдеңе шешілер ме еді?», – деді Бәпи.
Журналист ереуілшілер дәл осы жерде түнегенін, оларға құрғақ орын керек екенін атап өтті. Алайда Бапи олардың мұнда келгендерін кешкі астан кейін ғана білгенін айтты.
Депутат Ринат Зайытов мәселе кабинеттерде ғана шешіледі деп есептейді.
«Мұнда 250-ге жуық адам бар. Әрқайсысының үш баласы бар делік. Қазір 600-ден астам адам аштықта. Кейбірі мүгедек, кейбірінің денсаулығы нашар. Маңғыстаудың қоршаған ортасы сұмдық. Ауру адамдар көбейген. Сондай-ақ мұнда үнемі келуге негіз жоқ. Осы жерде тұрып, суық тиіп қалды, ауырып қалдық. Жыл сайын билік бәрі шешіледі деп айтады. Сосын тендер жасайды, тағы да жүгіреміз. Балабақшадағы балалармен бірдей сияқтымыз. Жұмыс істейік. Бізге нақты жауап керек. Тоқетері қажет. Бұл өмір емес. Біз отбасымызға оралғымыз келеді, тығырыққа тірелдік. Біз шикізат өндіргеннен басқа ештеңе жасай алмаймыз, тіпті өзімізге бақша еге алмаймыз. Бізге өндіріс ашу керек. Бізге бірде-бір бастық шыққан жоқ. Оларға адам керек емес. Партия болған соң, халық қалаулысы болған соң, ант бердіңіз – енді бірдеңе істесеңдерші!», – деді ереуілге шыққан жаңаөзендіктердің бірі.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік мұнайшылар 11 сәуірге қараған түні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) орталық кеңсесінде жиналған еді. «КезБи» мен «Берәлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшылары жұмысқа орналасу мәселесі толығымен шешілгенше Астанада ереуілге шығуға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық