Зайсан тұрғындары Қытайға газ сатуды тоқтатуды талап етті
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында газ мәселесі талқыға түсті. Халық биліктен газды Қытайға сатуды тоқтату керек деген талап қойды. Себебі, бұған дейін тоқтатылған экспорт қайта жандана бастаған.
Хабар24 арнасының хабарлауынша, халық Зайсандағы мәдениет үйінде жиналған. Халықтың айтуынша, 9 жылға жететін қорды шетелге сату дұрыс емес.
«Ауылдарға неге бермеске, ішіміз ашитыны, алдымен өзімізді жарылқап алуымыз керек, өз ауданымызды, көрші Тарбағатай бар, Күршім, Аягөз, Семей бар, бәрі түтінге қамалып көмір жағып отыр» дейді Зайсан ауданының тұрғыны Дәулетбек Мұхиянов.
Шығыстағы жалғыз газ өндіретін Сарыбұлақ кен орнында мамырдың басына дейін 3,5 млрд текше метр газ өндірілген. Тағы 1,5 млрд текше метр қор қалған. Осы уақытқа дейін өндірілген газдың 95 пайызын Қытай еліне сатқан. Жергілікті тұрғындар 8 жыл игерілген газдың 100 млн текше метрін қолданған.
2022 жылы газ экспорты тоқтатылған. Алайда Тарбағатай Мұнай компаниясы үкіметтен тағы 150 млн текше метрді Қытайға экспорттауға рұқсат сұраған. Министрлік сұраудың жартысына рұқсат берген. Жақында қалған газ қайта экспорттала бастаған. Газ өндіруші компания өз әрекетін шығындарды жабу үшін керек екенімен түсіндірді.
«Бізге өзіміздің жұмыстарды жалғастыруға қажет, мәселен, қандай жұмыстар үшін? Мәселен, ең бірінші газды өндіру жұмысын жалғастыруға, операциялық шығындар үшін керек» дейді «Тарбағатай Мұнай» ЖШС бас директорының орынбасары Арман Құлжанов.
Жиналған қауым компанияға қарыздарынан өз бетінше құтылсын, газды экспорттауды тоқтатсын деп талап қойды. Тұрғындардың талаптары жартылай қанағаттандырылып, газ экспорттау уақытша тоқтатылатын болды.
«Министрлік тарапынан 3 бағытта жұмыс істеп жатырмыз +05.22.02 бірінші бағыт қазір Ресей тарапымен жүріп жатыр, Ресей тарапымен келіссөздерді бастадық. +22.41 Екінші бағыт Сарыарқа құбыры салынып болды. Нұрсұлтанға жетті. Қазіргі уақытта Теміртау, Павлодар, Өскеменге тартуға есептеулер жүргізіліп жатыр +22.54 үшінші бағыт сұйытылған табиғи газ деген бар» дейді энергетика министрінің орынбасары Асхат Қасенов.
Ары қарай мәселені жергілікті комиссия шешетін болады.
Жаңалықтар
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы