Заңсыз айыппұл негізінде 87 полиция қызметкері жазаланды
Бас прокуратура белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін бизнес пен қазақстандықтарға қатысты 14 мың заңсыз әкімшілік істі тоқтатты. Бұл үшін 87 полиция қызметкері мен 26 әкімдік қызметкері жазаланды.
Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев бұл бап бойынша жауапкершілік тек сауда үшін арнайы орындар анықталғанда ғана жүктелетінін айтты.
«Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер айқындайды («Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірлерде мұндай орындар болмаса да, тұрғындарға 12 мың теңгеден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынған», - деді ол.
Мәселен, Жезқазғанды сауда орындарында аңықталмаған, соған қарамастан кәсіпкерлер жауапқа тартылған. Прокуратуралық шаралар негізінде қала аумағында 38 іс тоқтатып, сауда орындары анықталды.
Сол сияқты, елiмiздiң тағы бiр өңiрiнде - Ақмола облысыны Зерендi ауданында да прокурорлар актiсi бойынша сауда орындары аңықталып (бұрын мүндай орындар болмаған), 26 заңсыз әкiмшілік айыптау қайтарылды.
Жалпы, прокуратуралық шаралар аясында 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды. Қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірлерінде әкімдік шешімдерімен 4126 сауда орны анықталды.
Жол берілген заң бұзушылықтар үшін Бас прокуратура 113 тұлғаны, оның ішінде 87 полиция қызметкерін және 26 әкімдік қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартты.
Бас прокуратураның бастамасымен бұл мәселені Сауда және интеграция министрлігі өз бақылауына алатын болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық