Заңгер: Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң сөзсіз қажет
Көрнекі сурет
Қазақстанда жыл басынан бері «Отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Әлі заң ретінде бекітілмеген бұл жоба туралы қоғам пікірі әртүрлі. Қоғамда «Мұндай заң өте қажет» деп естептейтіндер де, «Жоқ, бұл заң қазақтың салт-дәстүріне қайшы» дейтіндер де бар.
«Отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң керек пе?», «Ол расымен де салт-дәстүрге қайшы ма?» деген сұрақтарға заңгер Абзал Құспан жауап берді.
«Бұл заң бізге сөзсіз қажет. Бала тәрбиесінде, бала құқығын қорғауда қазақ баласының құқығы, қара нәсілді, ақ нәсілді баланың құқығынан ерекшеленбейді. Бұл заңды БАӘ, Сингапур сияқты мұсылман елдері де қолдаған. Заң жобасында қазақы салт-дәстүрге келмейтін баптар болған, бірақ оның біраз тұсы бірінші оқылымнан кейін-ақ алынып тасталған. Десе де заң жобасында әлі де өзгертулер енгізуді немесе тіптен алып тастауды қажет ететін баптар бар. Әлі қабылданбаған бұл заңдағы ондай баптарды талқылауға қоғамдағы кез келген адам белсене араласқаны жөн», - дейді Абзал Құспан.
Бұл заң жобасы парламент қабырғасында 2020 жылдың сәуір айынан бері қаралып жатыр. Осы уақытқа дейін жұмыс тобының 23 отырысы болған. Сарапшылар мен жоба авторларының айтуынша, наразылықтың көбі жобаның шикілігінен және дұрыс түсіндірілмегенінен болған. Оның үстіне, көпшілік сынап жүрген баптардың біразы құжаттан алынып тасталған. Дегенмен сарапшылар заң жобасы бұл күйінде қабылдана қоюы екіталай деп болжайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық