Заңгер Мәсімовтің қанша уақытқа сотталуы мүмкін екенін айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Аманат комиссиясының төрағасы Абзал Құспан ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.
Абзал Құспан Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Мәсімов өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін деген болжамын айтты.
Ол Мәсімов аса ауыр айыптау бойынша қылмыстық жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қасіретті қаңтар кезінде кейбір нысандарға жоғарыдан тапсырма келгені белгілі.
«Ішкі істері органдары болсын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті болсын – мынадай ереже бар: біріншіден онда сөзсіз, билік иерархиясы қатты сақталады. Жоғарыдан келген тапсырманы, бұйрықты орындауға міндеттісіз. Ол бұйрық талқыланбайды, орындалады деген ереже бар. Бірақ егер бұйрық көрінеу заңсыз болса, онда бұйрыққа емес, заңға бағынасың деген норма бар. Бұл – өте қатаң сақтауды қажет ететін, өте бір күрделі ереже. Өзіңіз ойлап қараңызшы, өмір бақи олар курсант кезінен бастап бұйрыққа бағынуды үйренеді. 20 жыл бойы бұйрыққа бағынып келеді. Ал бір осындайда басшылары ешқайда шықпаңдар, араласпаңдар деген секілді бұйрық берсе, олар қиын жағдайда қалады» дейді заңгер Абзал Құспан.
Заңгер сұхбат кезінде мұның бәрі оның жеке пікірі екенін еске салды. Сондай-ақ, Абзал Құспан Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің басшысы Ермеков деген азамат заңсыз бұйрыққа бағынбай, ҰҚК ғимаратын сақтап қалғанын да айтты.
«Ал көптеген жерде, мысалы Алматыдағы ҰҚК басшысы ғимаратты тастап кеткені, ол жерде көптеген құнды құжаттың жоғалып кеткені туралы ақпарат шығып жатыр. Бұл масқара жағдай. Оған кінәлі кім? Сол саланың тікелей басшысы Кәрім Мәсімов. Ол екі орынбасарымен бірге қамауға алынды. Сондықтан, менің ойымша, ол кісілерге қатысты қылмыс толығымен дәлелін тауып, тиісті жазасын алады деп есептеймін. Өмірлік бас бостандығынан айрылса да, мен таңғалмаймын» деді Құспан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық