Z белгісімен шыққан ММА жауынгері Ақтөбеде чемпион атанды
Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында өткен турнирге Z белгісі бар Ресей туымен шыққан дағыстандық Рамазан Кадиевті ешкім тоқтатқан жоқ.
ММА жауынгерінің әрекетіне Актөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауовтан бұрын көрермендер қарсылық көрсетті.
Украинадағы соғыстың ресми символына айналған Z белгісін арқасына ілген туға жапсырып шыққан жауынгер Рамазан Кадиев облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің алдынан өтті. Жауынгерге ешкім кедергі келтірген жоқ. Октагонға Z белгісі бар ту ілінгенде ғана жиналған көпшілік ду ете қалды. Тұс-тұстан айқайлап, соғыс белгісінің алынуы талап етілді. Көпшіліктің қарсылығынан кейін ғана жауынгер жақтастары Z белгісі бар Ресей туын алып тастады.
«Alash Pride» клубының №73 аралас жекпе-жек турнирі желідегі парақшасында, You Tube арнасы және «Setanta Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көрсетілімде өтіп жатты.
Дағыстандық Рамазан Кадиев қазақcтандық қарсыласы Мақсат Есболатовтың аяғын ауырту әдісімен санаулы минутта жеңіп, «Alash Pride» клубының жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.
Жауынгер марапат кезінде Z белгісі бар туды жамылған жоқ. Турнирді тамашалап отырған «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауовтан жауынгердің әрекетіне қатысты пікір сұрадық.
— Дұрыс болмады. Саясатты спортқа араластырмау керек. Оған ескерту берілді,-деп қысқа қайырған Қасқарауов қандай ескерту бергенін нақтылаған жоқ.
Ал турнир төрешілері «оны дақпыртудың қажеті жоқ» деп пікір білдіруден бас тартты. Жалпы турнирде тоғыз жекпе-жек ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің жауынгерлері қатысты.
Жарысқа Ақтөбе қаласынан Нұрбек Қабдрахманов, Айдын Төлепбаев және Еламан Отаров есімді жауынгерлер өнер көрсетті. Айта кетейік, әлем елдерінде соғыс символына айналған Z және V белгісімен шықан спортшылар халықаралық спорттан шеттету ойластырылып жатыр.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық