Қызылордалық хирургтер 4 жасар қыздың асқазанынан бір келіден астам шаш алды
4 ақпанда Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтары асқазан трихобезоары диагнозымен қызға ота жасады.
Олар 4 жасар бүлдіршіннің асқазанынан салмағы бір келі, 34 сантиметр болатын шаш шығарды.
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, бала оларға тәбетінің төмендеуі, ішінің ауыруы, құсу шағымдарымен түскен.
«Тексеру және диагностика кезінде ісік тәрізді түзіліс анықталды. Түскен науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Асқазанның алып трихобезоары табылды. Операцияны шұғыл жасау туралы шешім қабылданды» деді Әлімжан Төлегенов.
Операцияны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, ота жасаушы Ақмарал Бекташова жасады. Ота асқынусыз сәтті өтті.
«Бұл мұндай бірінші операция емес, екі жыл бұрын біз осындай операция жасадық» деп қосты дәрігер.
Хирург түсіндіргендей, трихобезоар - бұл тығыз біріктірілген шаштардан тұратын асқазандағы бөгде дене. Көбінесе бұл психологиялық бұзылуларға байланысты болады, балалар шашты, жүнді шайнап, жұтады. Осының бәрі жылдар бойы жиналып, тамақты қабылдап, қорыта алмайтындай асқазанды толады. Яғни, тәбеті болмай, құсады.
«Біздің болжамымыз бойынша, бала бір жасынан бастап шашын жей бастаған. Операциядан кейін қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Ол ауруханада тағы кемінде 10 күн болады» деді Төлегенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық