Қызылордада жалған үкім шығарған судья мен оның хатшысы сотталды
Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының бұрынғы судьясы мен оның хатшысы сотталды. Олар жалған үкім шығарды деген күдікке ілінді.
Астана телеарнасының хабарлауынша, судья Гүлнұр Құрманбайдың азаматтық істер бойынша шығарған үкімдері қайта тексерілу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілген.
Бірақ қазіргі уақытта бала күтімімен үйде отырған екі әйел бұл істердің бәрінен хабарсыз болғандарын алға тартты.
Сот олардың кінәсін мойыныдамағанына қарамастан, үкім шығарды.
«Сотталушы Құрманбай Гүлнұр Құрманбайқызы ҚР Қылмыстық кодексінің 369-бабы, 418-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы Қыдырәлиева Еңлік Қалдыбекқызы ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 369-бабы, 418-бабы бойынша сотталды» деді Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы Жұлдыз Жакеева.
Құрманбай қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Оның хатшысы Қыдыралиева қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде 2 жылға сотталды. Судья хатшысының кішкентей сәбиі болғандықтан, оның жазасы кейінге қалдырылды.
Ал судьяның 2 жастағы ұлы, туыстары қараудан бас тартқан жағдайда, қорғаншылық үйіне беріледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Тергеу әрекеттері заң жүзінде жүргізілмеген. Менің құқықтарымды бұза отырып жүргізілген. Сонда судьяның мәртебесі қайда? Бұл жағдай түрткі болғаны Шиелі сотының төрағасы Күздібаев Мараттың жасалған кемшіліктер бойынша болған жағдайда ащы шындықты айтқаны үшін маған жасаған әрекеті осы. Осыған алып келіп отыр ғой» дейді сотталушы Гүлнұр Құрманбай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық