Қызылордада әскерден оралған 19 жастағы жігіт есінен алжасты
Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны әскерден келген 19 жастағы ұлдары есінен алжасты деп дабыл қақты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
19 жастағы жігіт Отан алдындағы борышын өтуге кеткенде сап-сау болған. Оралған кезде жақындарын танымай, тіпті сұрақтарға жауап бере алмайтын күйге жеткен. Бастан кеткен бала әкесіне қол көтеруге дейін барған.
Ұлдарының әскерден келгеніне небәрі 3 күн болса да, отбасының берекесі кеткен. 19 жастағы Ренат күн демей, түн демей айғайға салып, үйдің астан-кестеңін шығарыпты. Баласын сабырға шақырған әкесі де ұлынан таяқ жеп қалыпты.
– Сіздерден сұрайтыным сержанттарының бәрін менің алдыма алып келіңіздер. Сап-сау баланы ауру қылып, мынандай жағдайда әкеп тастағаны үшін. Офицер Мәліков Әлімжан, Көпжан деген сержанттарды менің алдыма әкелулеріңізді сұрмаймын, - деп өтінді 19 жастағы Ренаттың анасы Айғаным.
Әжесі де сау балаларын қайта емдетіп, бұрынғы қалпында әкеп беруді сұрап отыр.
– Әскери бөлімі қандай күйде алып кетті, сондай күйінде әкеліп берсін. Ол жердегілер не істеп отыр? Қой бағып отыр ма? Оншақты балаға ие болмай? - деп сұрады жүрегі қан жылаған Мариям әжей.
Ренат Ақтау қаласындағы Теңіз жаяу әскерлері бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. Мерзімінің аяқталуына 8 күн қалғанда, «сәл ауырыңқырап» қалды деген сылтаумен әскери бөлім оны үйіне қайтарған.
Ұлдарын көруге асыққан ата-ана, оның түрін көріп, жағаларын ұстады. Киімі шұрық тесік, аяғында жаздық тәпішке. Борышын өтеп келген сарбаз емес, құлдықтан қашқан адам сияқты оралған.
Баланың мұндай түрін көрген жақындары оны бірден ауруханаға апарып, тексерткен.
– Басынан соққы алған. Қысым, давление бар дейді. Сол жүректі көтеріп тұр. Сосын балада басында ауытқу жағдай болып тұр, деді. Біртүрлі сандырақтап, боғауыз сөздерді айтып, бізді құшақтап ұрып, әкесін ұрып, анасын мазақ қылып, күліп әртүрі жағдай болып жатыр, - деді Ренаттың ағасы Бақтияр.
Ренат үйге келгенде әскерде не болғанын ағасына айтып беріпті. 8 күн бұрын 4 қызметкер оны соққының астына алып, оны әбден қорлапты.
– Көке, «мені сол төрт сержант басқа казармаға алып кетіп сол жерде мені қорлады» деді. Құлағын тескен, құлағында жарақаты тұр. Құлағын инемен тесіп «мен сені қыз қыламын, мен сені әйелім қыламын» деп сөйтіп зорлық-зомбылық жасаған балаға, - дейді ашулы ағасы.
Айтылғанның бәрі рас па?
Алайда ҚР Қорғаныс министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Ренат әскерге қабылданғанда денсаулығы жақсы болған, оған әскерде ешкім қысым көрсетпеген.
–Тәжірибелі командирлер, тәрбиешілер мен сержанттар сарбазға әскери қызметті өткеру уақытында қолдау көрсеткен. Сонымен бірге, қатардағы жауынгер Ренат Жеткергенов қызмет өткерген кезінде денсаулығына және басқа да шағым жасамаған, - деді ҚР қорғаныс министрлігінің офицері, майор Ғани Нүсіпов.
Ренатпен бірге әскерде болған оның жолдасы «әскери бөлімде әлімжеттік жоқ» дегенді алға тартты.
– Қайтуына 2-3 күн уақыт қалғанда Ренат өзін жаман жағынан көрсете бастады. Мінез-құлқы өзгерді, бізді шошытты, - дейді Ренаттың жолдасы Әлихан.
Әзірге казармада не болғаны жұмбақ.
Сарбаздың өзі жағдайды әлі өз бетінше түсіндіре алмай тұр. Жақындары не болса да «әділдік орнап, кінәлілер жазаға тартылуы керек» дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық