Қызылордада шенділер 1 литр сүтті 14,5 млн теңгеге сатып алмақшы болған
Фото: Pixabay
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің қызметкерлері Қызылорда облысында тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыздықтардың алдын алды.
Шиелі аудандық білім бөлімінің басшылығы 1 литр сүтті 14,5 млн теңгеге сатып алмақшы болған. Тексерістен кейін сүттің бағасы бірден 223 теңгеге дейін түскен.
Сондай-ақ, Қармақшы аудандарының біріндегі мектеп балаларға 1 млн-ға куртка алмақшы болғаны анықталды.
«Қармақшы ауданының № 275 орта мектебі балаларға 125 қысқы куртка сатып алмақшы болған. Әр куртканы 1 670 143 теңгеге бағаланғаны белгілі болды. Сөйтіп, білім ошағы бұл мақсатқа 208 миллион теңге жұмсамақшы болған. Біздің ұсынысымызға сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңге болды. Осылайша, 206 680 197 теңге мемлекеттік қаражат қайтарылды» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.
2022 жылдың екі айының қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстардың нәтижесінде 351 230 304 теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық