Қызылордада полицей жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: gov.kz
7 наурыз кешкі сағат 19:06 шамасында Жаңақорған елді мекенінде жол апаты орын алған.
Облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген белгісіз жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиғаға орай қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Олар оның полиция қызметкері екенін анықтады.
«Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жалғасуда» делінген хабарламада.
Полицейдің жұмыстан кеткен, кетпегені нақтыланып жатыр. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығына да қызметтік тексеру жүргізілді. Тәртіптік кеңестің шешімімен бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық