Қызылордада мал белгісіз індеттен арам өліп жатыр
Қызылорда облысы Талдыарал ауылында жаппай мал қырылып жатыр. Тұрғындар дабыл қағуда.
Астана телеарнасының хабарлауынша, төрт түліктің арам өлуіне жергілікті ветеринардың жауапсыздығы себеп болған. Ол малға екпені кеш салып, артынша ауырған малға еш көмек көрсетпеген. Енді жұртшылық қолда бар малынан айрылып қаламыз ба деп үрейленіп отыр.
«Хабарласамыз, келмейді. Ауырған кезде зорға шақыртып алдық. Сол кезде вакцина салып кетті. Салғаннан 3 күннен кейін малдар қырылып қалды. Мал шаруашылығы ғой, сатсаң, ақша болады» дейді Қызылорда облысының тұрғыны Жұмабек Аймағамбетов.
Алайда мамандар малға екпе уақтылы салынғанын алға тартты. Ал шаруалардың қолында арам қатып жатқан мал тіркеуге алынбаған екені анықталды. Дерек қорда жоқ малға екпе салынбаса керек.
Олар тұрғындарға малдарын тіркеп, уақтылы екпе салып, бақылауға алынуға кеңес берді. Бірақ малдың неден ауырып жатқаны әлі де белгісіз, болжам бойынша ауру жұқпалы емес.
«Оған біз вакцина жоспарлай алмаймыз. Біз дерекқор базасында қанша бас бар соған вакцина жоспарлаймыз жылдың басында. Сондай жағдайлар бар. Көбісі өз малдарын дерекқорға өтініш беріп енгізуі тиіс. Бірдейлендіру жұмыстары ол мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Сол себепті тұрғындардың өзі өтініштерін беруге тиіс» дейді Қызылорда қалалық ветеринарлық станcа директоры Нұрлан Төлегенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық