Қызылордада биылғы 400 түлектің дипломы жұмысқа тұруға жарамсыз
Ақмешіт институты лицензиясынан айрылды, бірақ түлектердің дипломына сәйкестендіру коды жазылмаған.
Қызылордада Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын бітіріп, диплом алған 399 студент құжаты еш жерге жарамсыз.
Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, олардың дипломы не әрі қарай оқуға, не жұмысқа тұруға жарамай қалған.
Оған себеп ретінде оқу орны оқытушыларының білім сапасының төмендігі мен техникалық базасының талапқа сай болмауы деп таныған БҒМ.
Алайда институт ректоры Ерлан Шынбергенов сотта оқу орнының талаптарға сай келетіні дәлелденіп, лицензия қайтарылғанын айтты. Ал дипломдарының жарамсыз болып қалуы сәйкестендіру коды жазылмағандықтан екен.
— Барлық жасалып отырған іс-әрекеттер, білім алушылардың да дипломының жарамдылығы сотпен дәлелденіп тұр. Енді Білім және ғылым министрлігі жеке сәйкестендіру кодын беріп, дипломдарды сәйкестендіруі тиіс. Сот шешімі шығып тұр. Енді біз комитеттің жауабын күтіп отырмыз, – деді Ерлан Шынбергенов.
Ал Білім және ғылым министрлігінің өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарып, лицензия мәселесі әлі де сотта қаралып жатқанын жеткізді.
— Егер дипломдар жарамды болғанын қаласа, студенттер басқа жоғары оқу орнына барып, оқуын жалғастырса болады. Сол оқу орнын бітіргеннен соң ғана, жарамды диплом ала алады, – деп түсіндірді БҒМ сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Қазір Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының институтында 600-ден аса студент білім алып жатыр. Лицензия мәселесі шешілмесе, оларды да осы мәселе күтіп тұрғаны анық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық