Қызылорда-Жезқазған автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қызылорда мен Жезқазған арасындағы ескі тас жолдың жөнделіп, заманауи стандарттарға сай болуы соңғы жылдары қоғам тарапынан жиі айтылуда.
Қызылорда облысы әкімдігі жыл басында бірнеше мәрте үкіметтік деңгейде осы мәселені көтерген. Қос өңірдің халқы үшін аса маңызды Қызылорда-Жезқазған тас жолын жөндеу жұмыстары биыл қолға алынады.
— Күні кеше Қазақстан Үкіметі тарапынан «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Еуропа қайта құру және даму банкімен құны 240 миллион доллар тұратын Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының жаңа жобасына қол қойды.Компания бұл қаржыны Қызылорда мен Жезқазған арасындағы ұзындығы 204 шақырымдық ескі жолды күрделі жөндеуге, сондай-ақ, Қызылордадағы ұзындығы 14,8 шақырымдық айналма жолдың құрылысына бөлмек. Жолды салу бағыты Қызылорда облысы жағынан басталады, - деді аймақ басшысы.
Аталған тас жол Қытайдың батысы мен Ресейдің Орал өңірін байланыстыратын Е123 стратегиялық бағыты бойынша жолаушылар мен жүк тасымалын жақсартады. Жоба аймақтардың байланысын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ еліміздің ұлттық автожол жүйесінде электромобильдерді қолдануды қамтамасыз ететін жол инфрақұрылымын құруға көмектеседі. Қазір Сыр елі автокөлік жолының жалпы ұзындығы – 3398 шақырым. Оның ішінде 1016 шақырымы республикалық, қалған бөлігі – облыстық және аудандық деңгейдегі жолдар.
Биыл жол жөндеу мақсатында барлық қаржы көзінен 19 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде ұзындығы 488 шақырым автокөлік жолы, көшелер мен жолаушылар өткелі жөнделуде. Сонымен қатар 397 шақырым автомобиль жолдары, көпір өткелдері мен көшелер жөнделетiн болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық