Қызылорда облысының жаңа әкімі кеңесшілерден бас тартты
2022 жылдың 7 сәуірінде тағайындалған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз жұмысын әкімдік құрылымындағы бірқатар өзгерістерден бастады.
Атап айтқанда, ол кеңесшілер штатын қысқартып, бірнеше облыстық басқармаларды біріктірді. Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы тиісті басқармаларды біріктіргенін айтты. 24 басқарманың 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінің құрылымында қалды.
— Өздеріңіз білесіздер, облыста 24 облыстық басқарма бар. Енді оның 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінің құрылымында қалады. Қабылданған шешім функциялардың қайталануын жояды, саланың теңгерімді реттелуін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың жалпы көлемін және басқару тобын оңтайландыру арқылы әкімшілік шығындарды қысқарту. Сол сияқты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің құрылымын өзгерту қажет, - деді облыстың жаңа әкімі.
Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев бұдан былай облыс әкімі аппаратында штаттық және штаттан тыс кеңесшілер лауазымдары болмайтынын айтты.
— Алдағы уақытта облыс әкімінің штаттық және штаттан тыс кеңесшілері болмайды. Кеңесші атағын оңды-солды таратпау керек. Біздің басты кеңесшіміз - халық!, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасай отырып, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,2 пайызға төмендеп, соның нәтижесінде үш аудан ауданның бірі республикадағы соңғы орындарда тұрғанын атап өтті. Бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмен деректер Қазалы, Шиелі және Арал аудандарында байқалды.
— Осы үш ауданның әкіміне сөгіс жарияланды, - деп қосты облыс әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық