Қызылорда облысында шетелдіктер жүк пойызына мініп, көңіл көтерді
Сурет: ҚР ІІМ
Германия мен Нидерланды азаматтары жүк пойызына мініп көрмек болған, деп хабарлайды Orda.kz Қызылорда облыстық көлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың Шиелі стансасындағы желілік полиция бөліміне «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бейтаныс адамдардың бар екендігі туралы хабарлама түсті.
«Тексеру барысында көлік полицейлері жүк пойызына мініп, көңіл көтеруге бел буған 24 жастағы Голландия азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтады. Шетел азаматтарының маусым айының соңында елге туристік сапармен келгені анықталды» деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі «Жүк пойыздарында заңсыз жүру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 972 азамат жолаушылар пойыздарынан шығарылды. Олардың көпшілігіне қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Пойыздан түсірілген 972 азаматтың басым бөлігі – 826-сы – қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін, тағы тоғызы – темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу талабын бұзғаны үшін, 87-сі – ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық