Қызылорда әкімінің баспасөз хатшысы Бекееваның жағдайына қатысты пікір білдірді
Коллаж Orda.kz
Бірнеше жыл бойы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Балгүл Мамен өзіне қол салмақшы болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, ол қудалауға ұшырап, мемлекеттік қызметтегі әріптестерінің құйтырқы әрекеттерінен зардап шеккен.
«Кейде шыдамның да шегі болады. Мөлдір жұмыс істеп жүрген ортасына сай одан сайын қасқыр болуы керек еді. Дей тұрғанмен қыз бала ғой, тым нәзік. Нәзік бола тұра ондай ортада жұмыс істеудің өзі батылдық. Қоғаммен байланыс орнатып, жанталасып жүрген қызды ең болмаса әріптестері жығылғанға жұдырық етіп үсті-үстіне таламау керек еді… Әттең барлық жерде бар екен...» деп жазды ол өзінің парақшасында.
Сондай-ақ, Балгүл Мамен мұндай жағдайда құзырлы органдар тексерісті дұрыс жүргізбейді деп, оларды сынға алды.
«Бірін бірі аңду, сату, моральдық тұрғыдан қыспаққа алу, қызғаныш, көре алмаушылық, әңгіме-сөз, өсек, бітпейтін интрига өте көп. Айналдырған 3-4 адамның құйтырғы әрекеті жан-жағымнан шыр айналдырса да да ата-анам, бауырларым мен әріптестерім, достарымның қолдауының арқасында ситуациядан аман-есен шығып, мықты болдым. Барлық жерде мемлекеттік қызмет істер агенттігі, еңбек инспекциясы, т.б. бар, бірақ осындайда жұмыс деңгейі қаншалықты екені көрініп қалады… Міндетті түрде бір жағдай орын алғанда, иа болмаса ушыққанда тексеріс жүргізбей, профилактика жасап тұрғандары жөн еді» дейді бұрынғы Қызылорда әкімінің баспасөз хатшысы.
Айта кетсек, Балгүл Мамен Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болған кезде баспасөз хатшысы қызметін бірнеше жыл атқарған. Басшылыққа Ғанибек Қазантаев келген кезде жұмыстан кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық