Қызметкері пара алғаны үшін әкім орынбасары жұмыстан кетті
Алматы облысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметкері пара алғаны үшін қызметінен босатылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облыстық департаменті ресми мәліметіне сәйкес, Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысына және бас маманы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша пара алды деген күдікке ілінген. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Айта кетейік, аталған бөлімнің бастығы қарамағындағы бас маманмен сыбайласып, карантин кезінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана иелерінен және көшедегі сауда-саттық нүктелерінен 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған.
Олардан бөлек тағы 5 мейрамхананың әкімшісі де пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
Осы қылмыстық істің негізінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді. Оның нәтижесінде тиісті бақылау жасамағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова қызметінен босатылды.
– Әкімнің орынбасары кеше жұмыстан шығарылды. Кінәлі тұлғалар бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, - деді ведомства өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық