Қызметтік көлікті алты ай бойы туысына беріп қойған әкім жазадан құтылды
Коллаж Orda.kz
Ақтөбеде екі ғана қабылдау кабинеті бар аудан әкімдігінде 4 хатшы болған. Қызметтік көлікті әкімнің туыстары жеке мақсатқа пайдаланған.
Ақтөбеде өткен Әдеп жөніндегі кеңесте Ырғыз ауданы әкімдігінде жасалған былықтар қаралды. Ауданның бұрынғы әкімі болған Әділгерей Әуелбаев қарамағында жұмыс істейтін туысының алты ай бойы жұмысқа келмей, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғанына көз жұмып келген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бұл заңсыздықтарды мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс әрекет деп бағалады. Шенеуніктердің тәртібі қаралатын Әдеп кеңесіне Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Аслан Байдәулетов пен аппарат басшысы Бақтыбай Мырзағарин шақырылды.
Ал экс-әкім Әділгерей Әуелбаев басқа қызметке ауысуына қатысты жауапқа тартылмады.
Белгілі болғандай, ауданға жасалған ішкі аудиторық есеп кезінде әкімдіктің жанар-жағармайды оңды-солды пайдаланғаны анықталды. Аппарат басшысының хатшысы Қабылбаевқа жұмыста болмаған кездеріне негізсіз жалақы аударылған. Кейін 1млн 36 мың теңге болатын қаражат өтелгені айтылды.
Әкімдікте болған заңсыздықтарға аудан әкімінің орынбасары «қатысым жоқ» деп ақталды. Құжатқа қойылған қолдардың өзінікі емес екені сотпен дәлелденген.
Ал аппарат басшысы әкімнің айтқанынан шыға алмадым деп көмек сұрады.
«Оқиға былтыр наурыз-қыркүйек айларында болған. Бұл жерде бұрынғы аудан әкімінің туыстарының бәрі көлікті алып, айдап жүрген. Орынбасарына жөндеу жүргіземіз деп алып кетіп, содан ауылға әкелмеген. 6 ай әкелінбеді ауданға. Сыбайлас жемқорлық тексергеннен кейін ғана ол көліктің қалада жүргені анықталды. Шыны керек, аудан әкімі мен орынбасарының көлігін қадағалай алған жоқпын. Ол мүмкін емес, олар маған есеп бермейді» дейді Ырғыз ауданы әкімінің аппарат басшысы Бақтыбай Мырзағарин.
Әдеп кеңесінің мүшелері бір ауыздан аппарат басшысын қызметіне сай емес деген шешім қабылдады. Сонымен қатар, осындай былықтарға жол берген экс-әкімнің де жауапкершілігін қарастыру керек деген ұсыныс айтты.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық