Қызметкерлерін ұрған желілік полиция бастығы қызметінен босатылды
Қызметкерлеріне қол көтерген сәті бейнебақылауға түсіп қалған Нұр-Сұлтан қалалық әуежайының желілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Әбікен қызметінен босатылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Тексеріс жүргізген полиция департаменті полиция бастығы мен кадр саясаты жөніндегі орынбасарын қызметінен босатты. Тәртіптік сипаттағы шаралар көліктегі ПД басшылық буынының қызметкерлеріне қатысты да қабылданатыны айтылды.
«Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдай өрескел заң бұзушылық деп санайды және қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарларын тазартудың қағидатты ұстанымын ұстанады» делінген көліктегі ПД хабарламасында.
Бұған дейін Instagram-да Нұр-Сұлтан әуежайы желілік полиция бөлімінің бастығы Мақсат Әбікен (қызыл жемпірдегі ер адам) қызметкерлерді ұрып-соғатын видеосы желіде жарияланған болатын. Белгісіз дереккөздің хабарлауынша, елордалық әуежайдың ЖРБ бастығы қызметкерлерді қорқытып, үнемі қорлап келген және жұмыстан шығарамын деп бопсалаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық