Қызметінен босатылған Алексей Цой үндеу жасады
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан халқына үндеу жасады.
– Құрметті жерлестер, әріптестер, денсаулық сақтау қызметкерлері, сіздерді басты мерекеміз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер, - деді Цой.
Ол өзіне мемлекет басшысының COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыру, денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырғанын еске салды.
– Өтіп бара жатқан жылдың ауыр жағдайлары, әлемде өршіп тұрған COVID-19 пандемиясы біздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынаққа айналды, сіздердің әрқайсыңыздан кәсіби және адами ресурстарды үлкен жұмылдыруды, мейірімділікті, төзімділік пен азаматтық адалдықты талап етті. Ең алдымен, әріптестеріме науқастардың игілігі үшін күнделікті еңбектері, таңдаған мамандығына берілгендіктері және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалғандары үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Экс-министр «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы мақұлданғанын, ДДСҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерімен өнімді серіктестік орнатылғанын, денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобалары қолға алынғанын айтты.
– Бұл әріптестермен бірлесе отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген бірнеше сала ғана. Ел басшылығына, Президент Әкімшілігіне, премьер-министрге, үкіметтегі әріптестерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, барлық жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға, бұқаралық ақпарат құралдарына, волонтерлерге, үкіметтік емес ұйымдарға және құрметті медицина қызметкерлеріне сенімдері үшін алғыс айтамын. Барлығына жақсылық, зор денсаулық және позитивті көңіл-күй тілеймін, - деп түйіндеді экс-министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық