Қытаймен жұмыс істейтін Әнипа Назарбаеваның компаниялары тексеріліп жатыр
фото: elbasy.kz
Бірінші қатарда – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат пен қарындасы Әнипа.
Екінші қатарда – Нұрсұлтан Назарбаев, анасы Әлжан, әкесі Әбіш.
Үшінші қатарда: інісі Сатыбалды мен немере қарындасы Зейнегүл.
Алматы облысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесі компаниялар тексеріліп жатыр.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Алматы облысында бір аптадан бері ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Олар Қытаймен шекарада бизнес жүргізетін және Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компаниялардың қызметін тексеріп жатыр» делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігі астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.
Бұған дейін, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.
Бұл туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
«16 наурызда Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Антикор басшысы Олжас Бектенов Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшпақ болғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ұрлықтың бірқатар түрлері бойынша қаржы көлемі анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» кеңселері де тінтілуде.
– Менің ойымша, біз тиісті сараптамалар жүргізгеннен кейін ұрланған қаржы көлемін айта аламыз. Әзірге белгілісі әңгіме миллиардтаған ақша туралы, – деді ол.
Сонымен қатар, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев та қамауға алынды.
Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың күдікке ілінгенін айтты.
«Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қ.С.Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ведомство.
Айта кетсек, 17 наурызда сот Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
«Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды» деп қосты агенттік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық