Қытаймен шекарада контрабанданың ірі партиясы тоқтатылды

cover

Қазақстаннан Еуропаға қаруға арналған 65 оптикалық көздеуіштерді  алып өтпек болғандар құрықталды.

Оптикалық көздеуіштері бар жүк «Майқапшағай» кеден бекетінде ұсталды. Олар Шығыс Қазақстан арқылы Еуропаға контрабандалық жүк өткізбек болған.

Жылжымалы тексеру кешенінің көмегімен алынған көлік  суреттері кеденшілердің назарын аударған.

Тереңдетілген кедендік тексеру кезінде кедендік ресімдеуге декларацияланбаған бес түрлі қаруға арналған 65 оптикалық көздеуіштер табылды.

Осындай контрабандалық жүк  тиелген  көлік Еуропаға транзитпен келе жатқан. Ұсталған тауарлардың үлгілері кедендік сараптамаға жіберілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар