Қытайлық компанияның жұмысшылары наразылық білдірді
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолының құрылысы бойынша қытайлық «Синь Синь» компаниясының көлік жүргізушілері жалақы көтеру мен еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша президентке талап қойған болатын.
Талапты тыңдауға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, «Қазавтожол» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Айжан Туғанова келіп, талаптың орындалуына 3 күн уақыт берген.
Үш күн өткеннен кейін Меркі ауданына жергілікті билік өкілдері, қытайлық «Синь Синь» компаниясы өкілдері бастамашыл топпен кездесті. Кездесу барысында жалақының 10-15% көтерілетіндігі айтылды. Жаңа униформаны дүйсенбіден бастап таратып, келіскендер 19 сәуірден бастап жұмысқа шықсын деген талап қойылды.
Жұмыс берушінің талабын естіген жұмысшылар келіспейтіндіктерін айтып, наразылық білдірді. 60 мың теңге жалақы 66 мың теңгеге көтеріледі. Жұмысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта инфляция күннен күнге өршіп барады. Олар мардымсыз айлықпен келіспейді.
Жұмыс берушінің талабын тыңдап болған жұмысшылар нақты жұмыс беруші категорияға қарамай, барлық жұмысшыларға жалақыны 80% көтеруді талап етті.
Айта кетейік, қазіргі таңда жұмысшылардың арызы негізінде еңбек қатынастары бойынша облыс әкімдігі мен еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр. Қытайлық «Синь Синь»компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдіруді кейінге қалдырды.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық