Қытайда жарыс кезінде жиырмадан астам марафоншы қайтыс болды
Қытайдың солтүстік-батысында қатты жел мен қалың жаңбыр салдарынан ультрамарафон жарысына қатысушы 21 адам қайтыс болды.
Бұл туралы Қытай басылымдарына сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер хабарлады.
Құтқарушылар түні бойы жоғалғандарды іздеумен болды. Температура күрт төмендеп, марафоншылар дабыл қаққанда, ұйымдастырушылар жарысты тоқтатып, жоғалған жүгірушілерді іздей бастады. Оларға көмекке шамамен 1200 адам жіберілген.
Марафон Ганьсу провинциясының Байинь қалалық округына қарасты Цзинтай аумағында өткен. Таулы аймақ арқылы жүгіру марафонына 172 адам тіркелген. Марафон басталарда ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, жауын жауған.
Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене қызуы түсіп кеткен. Бірнеше сағаттан соң 172 қатысушы табылған. Олардың ішінде 21 адам қайтыс болып, сегізі жаралған.
Жергілікті билік оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрғанын мәлімдеді. Құтқарылған адамдардың жағдайы жақсы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық