Қытай өз вакциналарының тиімсіздігін мойындады
Қытай медициналық бөлімінің бастығы Гао Фу COVID-19 вакциналарын біріктіруді, сондай-ақ екпе мөлшерімен тәжірибе жасауды ұсынды.
Ол ұлттық вакциналардың тиімділігіне алаңдаушылық білдірген алғашқы шенеунік болды, деп хабарлайды Orda.kz DW-ге сілтеме жасап.
Қытайдағы ауруларды бақылау Орталығы олардың тиімділігін арттыру үшін коронавирустық вакциналардың тіркесімін (комбинация) қолдануды қарастыруда. Бұл туралы Financial Times ведомство басшысы Гао Фуға сілтеме жасап хабарлады.
10 сәуірде өткен форумда Гао орталық «қолданыстағы вакциналардың тиімділігінің төмендігі» мәселесін шешу мүмкіндіктерін зерттеп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Гао әртүрлі вакциналарды біріктіруден басқа, дозалау тәсілін өзгертуді мысалы, олардың мөлшерімен, көлемімен немесе екпелер арасындағы үзіліспен тәжірибе жасауды ұсынды.
— Барлығы мРНҚ вакциналарының (РНҚ -рибонуклеинді қышқыл) технологиясын қолдану арқылы – ред.) адамзатқа беретін артықшылықтарын ескеруі керек. Бізде вакциналардың бірнеше түрі болғандықтан ғана оны назардан тыс қалдырмау керек, - деп қосты Гао Фу.
Қытай шенеунігі нақтылағандай, 2 сәуірдегі жағдай бойынша елде 34 миллион адам екі доза алса, 65 миллион адам кем дегенде бір дозадан алған. Қытай халқының саны 1,3 миллиардтан асады.
Әзірге Қытайда Sinopharm, Sinovac және CanSino өндірген дәстүрлі «белсенді емес вирус» вакциналары ғана мақұлданды. Қытайлық өндірушілер вакцина сынақтарының үшінші кезеңі туралы мәліметтерді жарияламады, бұл ашықтықтың жоқтығы туралы айыптаулар тудырды.
Бразилиядағы клиникалық сынақтар кезінде анықталғандай, қытай фармацевтикалық компаниясы шығарған Sinovac Biotech Ltd. тиімділігі — 50,4 пайыз деңгейінде. Сонымен бірге, компанияның айтуынша, препарат COVID-19 ауыр ағымының 80 пайызына жол бермейді. Қытайлық Sinopharm корпорациясының тағы екі вакцинасы тиімділігі жағынан 79,3 және 72,5 пайызды көрсетеді. Ал қытайлық биофармацевтикалық алпауыт CanSino үшін вакцинаның тиісті көрсеткіші — 65 пайыз.
ҚХР-да коронавирусқа қарсы вакциналау үшін шетелдік дәрі-дәрмектерді қолдану әлі бекітілмеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық