Қытай түрмесінде 8 жыл: Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: neonomad.kz
Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында есірткі сатпақ болғаны үшін ұсталған. Ол Қытай түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Биыл оны Қазақстанға экстрадициялау керек.
Бұл туралы заңгер, «Сезімтал» қоғамдық қорының құрылтайшысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook парақшасында хабарлады. Ол Тұрлыбаймен бір мезгілде орыс қызы Мария Дапирканың дәл осындай жағдайға тап болғанын еске алды. Биыл қыздардың туған жеріне оралуына мүмкіндік туды.
«2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында (Вьетнамның оңтүстігіндегі қала) ростовтық Мария Дапирка тұтқындалды. CARICC (Орталық Азия мемлекеттері арасындағы есірткі айналымын реттейтін орган) қыздарды нигериялық есірткі тобының құрбаны деп таныды, екеуі де сотталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты, біз Қазақстанға ең ерте трансферді күтеміз. Мария Дапирканың трансферіне пандемия, байланыс үзілуі, әлемдегі Ресей Федерациясымен жағдай әсер етуі мүмкін. Қыздардың туған жеріне оралуына нақты мүмкіндік бар» деп жазды Сұңқар Нұрмағамбетов.
Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Алматыдан Қытайға, Гуанчжоуға кеткен. Бұл сапарға оны таныстары итермелеген, олардың арасында Нигерия азаматтары да бар. Олар Ақжарқыннан фирмалық киімдерді Гуанчжоудан Малайзияға тасымалдауды өтінген. Бірақ Гуанчжоудан шыққан бойжеткен ұсталып, оның чемоданынан есірткі табылған.
Тұрлыбайдың айтуынша, ол чемоданның ішінде не болғанын білмеген. Нигериялық есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушы ұсталмаған, ол сыбайласы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты куәлік бермеген.
2019 жылдың соңында Гуанчжоуда Тұрлыбайға сот үкімі шықты, сот Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Бойжеткеннің адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды отанына ауыстыру туралы келісім бар екенін еске салған болатын. Соның арқасында қызды елге қайтаруға мүмкіндік бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық