Қытай СІМ Украинаның егемендігіне қатысты мәлімдеме жасады
Украина мен Ресей арасындағы ахуал сәт санап ушығып барады. Бүгін РФ президенті В. Путин мен Беларусь президенті А. Лукашенко Кремльде шұғыл келіссөздер өткізді. Ал АҚШ президенті Байден Ресей әскерінің Киевке шабуылдайтынына сенімді екенін айтты.
Әлемдік державалардың өзара ақпараттық тартысынан Қытай Халық Республикасы да тысқары қалуды жөн санамады. Бүгін ҚХР СІМ екі ел арасындағы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
«Әр елдің егемендігі, тұтастығы және территориясы қорғалуы керек. Бұл мәселе Украинаға да қатысты», - деп жариялады ҚХР СІМ.
Айта кетейік, батыс елдері Кремль мен Киевті ахуалды ушықтырмай өзара мәмілеге келуге шақыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық