Қытай компартиясының ресми газеті қазақ тіліндегі сайтты іске қосты
Қытай коммунистік партиясының ресми газеті – «Жэньминь жибао» басылымы қазақ тілді сайтты іске қосты.
Бұл туралы Orda.kz Silkroad News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін «Жэньминьван» сайты («Жэньминь жибао» газетінің онлайн-нұсқасы) қазақ, итальян және суахили тілдеріндегі нұсқаларын ресми түрде іске қосты. Осы үш тілдегі нұсқалар саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, сондай - ақ Қытайдың әлеуметтік өмірі туралы тиісті аудиторияға ақпарат беруге бағытталған» делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

«Жэньминьван» сайты ҚХР мен «тиісті аудандарының интернет-пайдаланушылары арасында қарым-қатынас және өзара түсіністік бойынша жаңа платформа құру үшін белсенді күш-жігер жұмсайтыны атап өтілді».
— Итальян, қазақ және суахили тілдеріндегі нұсқалардың іске қосылуы «Жэньминьван» сайтының редакциясына көптілді, мультитерминалды, мультимедиялық, жаһандық және толық форматты алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ-ты құруға негіз қалауға көмектеседі. Үш тілдегі нұсқаларды іске қосу «Жэньминьван» сайтының халықаралық алаңдағы ақпаратты тарату тиімділігін арттыру бойынша маңызды шара болып табылады. Сайтының редакциясы «әр түрлі аудандарға, елдер мен аудитория топтарына сәйкес келетін ақпараттандырудың нақты әдістерін қолдануға» күш салуда, Қытайдың тарихы мен дауысын әлемге, аймақтарға және халықтың әртүрлі топтарына жеткізуге тырысады. Қытай туралы әңгімелейді. Қытай дауысын таратады. Нақты, көп форматты және жан-жақты Қытайды көрсетеді,- делінген хабарламада.
Silkroad News хабарлағандай, қазіргі уақытта «Жэньминьван» сайты ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс және португал тілдерінде ұсынылған. Қазақ, итальян және суахили тілдеріндегі нұсқалары іске қосылған кезде «Жэньминьван» сайты 12 шет тілінде қолжетімді болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық