Қытай геноцид жасауын доғармады
БҰҰ-ның геноцидті ескерту және жазалау туралы конвенция шарттарын бұзған Қытай үкіметі ұйғырларға геноцидтік саясат жүргізуін доғармай отыр, деп хабарлайды ORDA. Азаттық Рухына сілтеме жасап.
Стратегия және саясат жөніндегі Newlines институты Пекиннің мұсылман топтардың әрекетіне тәуелсіз сараптама жасап, бұл саясат геноцидке қарсы конвенцияның әрбір бабына қайшы деген қорытынды жасайды.
Бұған дейін де Қытай Шыңжаңның батысында 1 млн-нан астам ұйғыр мен өзге де түркі тілді этникалық топтарды концентрациялық лагерлерге қамағаны үшін айыпталып, сыналған. Пекин қамау орталықтарын экстремизм және терроризмге қарсы шара және кәсіпке баулитын орталық деп атаған.
Қаңтар айында Дональд Трамп әкімшілігі Қытай Шыңжаңда адамзатқа қарсы геноцид және қылмыс жасап жатыр деп мәлімдеген. Джо Байденнің жаңа әкімшілігі де бұл жөнінде өзінің пікір-көзқарасын өзгертетіндей ешқандай негіз таппады деп мәлімдеді.
«Ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтарды тұтас немесе олардың бір бөлігін құртуды көздейтін» әрекет деп сипаттаған геноцидке қарсы конвенцияға Қытай да қол қойған. Жоғарыда айтылған зерттеуге сәйкес, геноцид ұғымына сонымен бірге түп-тамырымен жою, жаппай лагерлерге қамау, тууды шектеу және оның алдын алу кіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық