Қытай билігі елдегі бала туу санын арттыруды көздейді
Бір кездері халық санының көптілігінен, тауарынан гөрі адамын тасымалдау тиімдірек болған қытайлықтар енді бала туу санын арттыруды көздеп отыр. 1949 - 1976 жылдар аралығындағы халық саны 540 миллионнан 940 миллионға дейін өскеннен кейін Қытайдың жергілікті билігі бала туу санын шектеген болатын. Нәтижесінде 400 миллион түсік тасталынған.
2020 жылғы көрсеткіш бойынша 250 миллионнан астам халқының жасы 60-тан асқан. Сол себептен қытайлықтар алдағы жылдың қамын қамдануды бастап кеткен. «Бір жанұя – бір бала» заңының күші жойылғанына төрт жыл болса да, бала туу көрсеткіші өте төмен деңгейде.
Ма Ли, екі баланың анасы:
- Мәселе бала тууда емес, оларды тәрбиесіне кететін қажеттілікпен қамтамасыз ету. Әр ата-ана өз баласына ең жақсысын қалайды ғой. Бұл балалар арасында да, ересектер арасында да бәсекелестікке әкеледі. Сондықтан болар көбі бала туудан бас тартуы мүмкін.
Ван Цзюй, бір баланың анасы:
- Тағы бір бала туу үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен көп уақытымды балаға арнауым керек. Мені мазалайтыны осы. Өйткені бос уақытымды өзіме ғана жұмсағым келеді.
Сарапшылардың болжамынша, 15 жылдан кейін Қытайда 60 жастан асқандардың саны 400 миллионға дейін жетеді. Ал ғасырдың ортасында жұмысқа қабілетті халықтың қатары 200 миллионға қысқармақ. Жағдайды өзгерту үшін билік тұрғындарды саяси және қаржылай тұрғысында ынталандыру керек дейді мамандар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық