Қытай-Қазақстан шекарасында ұзын сонар кептеліс қалыптасқан
Кеше кешке қарай Telegram каналдардың бірінде Қазақстан-Қытай шекарасында 4000 жүк көлігі кептелісте тұрып қалғаны туралы айтылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Казахстан и все-все-все» телеграмм арнасында Қытай-Қазақстан шекарасында ұзынсонар кептеліс қалыптасқаны туралы хабарлама шықты. Онда 4000 жуық контейнерлер уақтылы шекарадан өте алмай жатыр делінген.
– Қазақстан-Қытай шекарасында, Қытай жағында 4000-ға жуық контейнер уақтылы шекарадан өте алмай жатыр. Себебі, кеденшілер қатаң тексеріс жүргізуде.
Қазақстандық және Орталық Азия сатып алушыларының тауарлары тұр. Шарт бойынша олар 2-5 ай көлемінде жеткізілуі тиіс. Қытайдан Еуропаға транзит шекарадан еш кедергісіз өтіп жатыр. Сондай-ақ, Қытайда қазақстандық жүктерді өз аумағына өткізуді айтарлықтай қиындатып жіберген. Циндао және басқа да порттарда контейнерлер әлі де көп.
4000 контейнерде тек тауар ғана емес, шикізат та бар. Енді баға шарықтайды. Демек, бұл бүкіл экономикаға әсер етеді, - делінген жазбада.
Orda.kz редакциясы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарласып мән-жайды анықтады.
– Кеше Қытайда Күздің ортасын, астық күнін тойлады. Сондықтан, шекарада кептеліс болды. Қазір жағдай реттелген, ешқандай кедергілер жоқ, - деп жауап берді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ақпаратты растау үшін Orda.kz редакциясы Қытайдың Қазақстандағы елшігіне де хабарласуды жөн көрді. Өкінішке орай, ол жерден еш жауап болмады.
Расыменде, кеше Қытайда Күз ортасы мерекесі тойланған. Олар 19-21 қыркүйек аралығында ресми түрде демаланған.
Күздің ортасындағы фестиваль Чжунцюцзе – Қытайдағы дәстүрлі мерекелердің бірі. Маңыздылығы бойынша Қытай Жаңа жылынан кейін екінші орында тұр. Чжунцюцзе қытайлық ай күнтізбесінің 8-ші айының 15-ші жұлдызында, ай дөңгелек және әдемі болған кезде тойланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық