Қытай Африкада әскери база салуды жоспарлап отыр
АҚШ барлау қызметі Қытайдың Экваторлық Гвинеядағы Атлант мұхитында әскери кеме базасын салуға ниетті екенін ескертті.
Daily Mail басылымының мәліметіне сәйкес, АҚШ барлау қызметкерлері Қытай төрағасы Си Цзиньпин Батыс Африка президенті Теодоро Обианг Нгуэму Мбасогоны Бата қаласындағы портты кеңейтуге және оны әскери базаға айналдыруға рұқсат беруге көндіруге үміттенеді деп санайды.
АҚШ барлау қызметінің болжамына сәйкес, Қытай Бата қаласында әскери-теңіз базасын салуы мүмкін. Жаңа база арқылы Қытай Пентагонды алаңдатып отырған Экваторлық Гвинеядағы қорын толықтыра алады.
– Егер Қытай Бата портын әскери базаға айналдырса, ол Бейжіңге АҚШ-тың шығыс жағалауындағы су айдындарында өзінің әскери кемелері мен басқа да әскери-теңіз техникаларын жөндеуге және қайта қаруландыруға мүмкіндік береді. Теңіз қауіпсіздігі мәселелерін шешуге арналған дипломатиямыздың бір бөлігі ретінде біз Экваторлық Гвинеяға Қытайдың осы елдегі қызметіне қатысты кейбір ықтимал қадамдар ұлттық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық тудыратынын түсіндірдік, - деді Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері.
Басылымның мәліметінше, Қытайдың бір ғана шетелдік әскери базасы Джибутиде, Шығыс Африкада 2017 жылы ашылған. Ол Африка құрлығының арғы жағында орналасқан.
Африканың солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Мавританиядағы америкалық дипломаттар жергілікті билікке Пекиннің Қытай салған портты әскери мақсатта пайдалану әрекетінен бас тартуға кеңес берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық