Қытай АҚШ-тың 28 азаматына санкция жариялады
Қытай елдің ішкі істеріне араласуына байланысты АҚШ-тың 28 азаматына қарсы санкциялар енгізді. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Соңғы бірнеше жылда АҚШ-тағы кейбір саясаткерлер қытайларға қарсы саяси мүдделерінен, Қытайға деген жеккөрушіліктен қытай және американ халықтарының мүдделерін елемеді. Қытайдың ішкі істеріне елеулі түрде араласып, Қытай мүдделеріне нұқсан келтірді. Бірқатар ессіз әрекеттерді жоспарлап, алға тартты. Бұл Қытай халқын ренжітіп, Қытай мен АҚШ қарым-қатынасына үлкен нұқсан келтірді», - делінген Қытай СІМ хабарламасында.
Ел үкіметі өзінің ұлттық егемендігін, қауіпсіздігі мен даму мүдделерін қорғауға бел буғаны атап өтілді.
28 адамға, оның ішінде бұрынғы мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоға, Ұлттық сауда кеңесінің басшысы Питер Наварроға, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О'Брайенге және басқаларға қарсы санкциялар салынды.
Санкциялар тізіміндегі адамдарға және олардың отбасыларына Қытайға, Гонконгқа және Макаоға кіруге, сонымен қатар Қытайда бизнес жүргізуге тыйым салынды.
Майк Помпео АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы болған соңғы күнінің қарсаңында Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр мұсылмандарына қарсы репрессия кезінде «геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар» жасады деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық