Қытайға 3144 киік мүйізін өткізбек болғандар ұсталды
Сурет: ҰҚК
2021 жылғы 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.
Бұл туралы Orda.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталған.
Операция кезінде жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды
Бұл іске байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
– ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі («киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, фигуранттарда киік мүйіздерінің қосымша партияларының бар болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық