Қысқы Олимпиада ойындары телеарналарда көрсетіледі: қашан және қайда көруге болады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандықтар спортшылардың өнерін Qazaqstan, Qazsport, Хабар және El arna телеарналарынан тамашалай алады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
Айта кетсек, Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында Қытайда өтеді.
Қазақстан құрамасында 87 лицензия жеңіп алған 34 спортшы бар. Жерлестеріміз биатлон, шаңғы жарысы, фристайл (могул, акробатика), шорт-трек, конькимен жүгіру, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, скандинавиялық аралас спорттың 8 түрі бойынша бақ сынасады.
Сондай-ақ хабарларға сарапшылар (спортшылар, жаттықтырушылар) тартылады. «Qazaqstan» телеарнасындағы барлық спорттық хабарларға мемлекеттік тілде түсініктеме беріледі.
Әр нақты күннің спорттық жарыстары мен қорытындылары бойынша сараптамалық болжамдар күн сайын: таңғы және кешкі тікелей эфирде «Бейжін-2022» студиясының бағдарламасында беріледі.
Жанкүйерлер Олимпиаданы телехабардан бөлек телеарналардың ресми сайттары мен мобильді қосымшалардан да тамашалай алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық