Үржар ауданындағы бензин тапшылығы немен байланысты?
Фото:Pexels
Үржар ауданында АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин көлемінің төмендеуі Мақаншы ауданындағы Алакөл жағасында туристік маусымда келіп-кетуші көліктің көбеюі мен жанармай құю станциясында АИ-92 бензинінің тапшылығына байланысты.
Бұл туралы Абай облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда Үржар ауданында тоғыз жанармай құю бекеті бар. Оның төртеуі Үржар ауылында, үшеуі Ақжар ауылында, екеуі Таскескен ауылында. Оның біреуі уақытша жұмыс істемейді. Жанармай құю бекеттері ішінде тек бір ғана бекет халыққа газбен қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда облыстағы жанар-жағармай қоры: АИ-92 – 24,1 тонна, АИ-95 – 5,4 тонна, дизель отыны – 64,3 тонна.
Дегенмен туындаған қиындықтарға қарамастан ауданда отынның жеткілікті мөлшері бар, барынша мүмкін көлемде бөлінген. Қазіргі таңда ауданға 23,6 тонна бензин әкелініп, жанармай құю бекеттерінде құйылып жатыр. Баспасөз қызметі қалған жанармай жақын арада жеткізілетінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық