Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып Ақылбек Жапаров тағайындалды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 12 қазанда министрлер кабинетінің төрағасы Ұлықбек Мариповты қызметінен босатты. Жапаров үкіметті тарату туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
11 қазанда Қырғызстан президенті «министрлер кабинеті туралы» конституциялық заңға қол қойды. Онда үкімет құрамын қалыптастыру және министрлер кабинетінің мүшелерін бос лауазымдарға тағайындау рәсімдері жазылған. Осы заңға сәйкес министрлер кабинетінің басшысы президент әкімшілігінің басшысы болып табылады.
Заңда сондай-ақ министрлер кабинетінің не жеке министрдің орнынан түсуі, сондай-ақ оның атқаратын қызметінен босатылуы мүмкін негіздер мәселелері де реттелген.
Мариповтың орнына премьер-министр және президент әкімшілігінің басшысы лауазымынf Ақылбек Жапаров cайланды.
Бұған дейін екі рет қаржы және экономика министрі қызметін атқарған 57 жастағы Ақылбек Жапаров осы жылдың маусым айында үшінші рет экономика және қаржы министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Бір бол» партиясынан Жогорку Кенештің депутаты болған және «Құмтор» кенішінің қызметін зерттеген мемкомиссияны басқарған.
- Садыр Жапаров пен Ақылбек Жапаров — тегілері бірдей болғанымен туысқан емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық