Қырғызстанның экс-президенті Назарбаев пен Әбіләзов туралы айтты
Фото: sputnik.kz
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстандағы көтерілістер мен Әбіләзов туралы пікір білдірді.
Қырғыс Республикасының экс-президентінің айтуынша, Қазақстандағы халық толқуларын біреу ұйымдастырмаған. Кез келген төңкеріс билік пен халықтың арасындағы теріс қарым-қатынастан туындайды.
– Белгілі қазақстандық оппозиция жетекшісі Мұхтар Әбіләзовпен мен ешқашан кездесіп, сөйлеспегенімді ғана айта аламын. Мүмкін оны біреу адастырған шығар. Жасыратыны жоқ, 2016 жылдың қыркүйегінен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасым баяғыдай болмады. Бірақ бұл басқа әңгіме...
Қазақстандағы дүрбелеңді сырттан біреу ұйымдастырмағанына сенімдімін. Кез келген елдегі барлық төңкерістер мен көтерілістер әрқашан биліктің халыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде туындайды. Ал Қазақстанда да мәселе сырттан келген оппозицияның нұсқауында емес, тіпті шетелдік лаңкестерде де емес. Халық толқуларының кейбір себептерін Қазақстан президенті Тоқаев тым дипломатиялық тұрғыдан болса да, өте дәл айтты. Оларды жою үшін шешуші қадамдар жасайды деп сенемін, - деді Атамбаев.
Сондай-ақ, өзінің қазақ немерелері бар екенін айтып, қайғымен бөлісті. Оның айтуынша, билік өкілдері қарапайым халықтың үніне құлақ түруі шарт.
– Әрине, халық толқуына қатысушыларды емес, қарапайым халықты бұған жеткізгендерді жазалау керек. Ал өзімнің мысалыммен айтарым, қашанда жеке мүддесін көздейтін күш құрылымдарына азырақ, еркін баспасөз бен қарапайым халыққа көбірек сену керек. Сонда ҰҚК – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті – енді ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейді. Немерелерім, үлкен ұлдың балалары жартылай қазақ. Ал мұндай туыстар көп қырғыздарда бар. Қазақ даласынан ыңырсыған үн шықса, оның жаңғырығы қырғыз тауларынан естіледі. Бауырларымыз, қазақтар. Сіздерді жақсы көремін! Сіздер үшін алаңдаймыз! Сіздердің қайғыңыз – біздің қайғымыз! Сіздердің қиыншылықтарыңыз біздің мәселеміз! Осы қайғылы күндерде қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамыз. Жаратушы жар болсын, - деді Атамбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық