Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа Құмтөр кеніші ісі бойынша жаңа айып тағылды.
Экс-президенттің серігі Бекболот Талғарбеков Асқар Ақаевтан барлық айыптар алынып тасталғанын, экс-президентке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол тергеу Ақаев пен оның туыстарының да Құмтөр жобасынан ақша алмағанын анықтады деген болатын. Ал Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
– Жүргізіліп жатқан тергеуге қатысы жоқ және іс бойынша сенімді ақпараты жоқ адамдар өзін-өзі жарнамалау мақсатында қоғамды әдейі адастыруда, - деді Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тергеудің жалғасып жатқанын атап өтті. Ақаевқа 1992 жылы Cameco компаниясымен келісім жасау және 2003 жылы Құмтор жобасын қайта құрылымдау бойынша жаңа айыптар тағылды.
– Асқар Ақаев кінәсін толық мойындап, тергеумен белсенді түрде ынтымақтастық орнатады, оның елден кетуі, Бішкекке келуі алдын ала тергеушімен келісілген, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, Құмтор жобасын жүзеге асыруға қатысты басқа да қылмыс фактілері анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін іске қатысушы тұлғалардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жалған ақпарат таратудан және ерекше қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша қоғамды адастырудан аулақ болуға шақырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық