Қырғызстанның экс-президенті Ақаев Бішкекке қайта оралды

cover

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке тағы ұшып келді. 24.kg мәліметінше, Мәскеуден ұшатын ұшақ 14 желтоқсанда таңғы сағат 4.40-та «Манас» әуежайына қонған. Асқар Ақаев ұлы Іліммен бірге үйіне келгені айтылды.

Бұрынғы президенттің «Құмтөр» ісіне қатысты жауапқа шақырылғаны немесе шақырылмағаны әзірге белгісіз, - делінген хабарламада.

Асқар Ақаев Қырғызстанға 2021 жылдың тамыз айында келген. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде жауап алған экс-президент тергеумен мәмілеге келіп, кінәсін мойындады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар